Керамогранит бұйымдарын шығаратын зауыт

Керамогранит бұйымдарын шығаратын зауыт

«ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС - керамогранит бұйымдарын шығаратын, Қазақстан Республикасы аумағында заманауи дизайндағы жалғыз жұмыс істеп тұрған зауыт.

Кәсіпорын өнімдерді «MK-Ceramics» сауда маркасымен шығарады.

Зауыттың негізгі өнімдері - техникалық және жалтыратылған керамикалық гранит. Оны өндіру үшін тек жоғары сапалы отқа төзімді саздар, таза кварц құмы, дала шпаттары және табиғи пигменттер қолданылады.

Зауыт итальяндық «Barbieri & Torozzi» жабдықтарымен жабдықталған. Оның өнім қуаты жылына 2,5 млн. шаршы метрді өндіруге мүмкіндік береді.

2021 жылы зауыт «БЖК-2025» (исламдық қаржыландыру) мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында «Al-Hilal» Ислам банкі» АҚ-нан жылдық 14% -бен айналым қаражатын толықтыруға қаражат алды, оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда, сондай-ақ, кепілзаттың жеткіліксіз бөлігіне Қордың кепілдігі берілді.

Бүгінгі таңда компания өнімдері ТМД елдерінің нарығына жеткізіліп отыр. «ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қостанай және т.б. сияқты ірі қалаларда 40-тан астам дилері бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп,...

– Мы признаем геополитическую важность Центральной Азии и роль Казахстана в мире. Казахстан является стратегическим партнером Европейского союза....