Еңбек қауіпсіздігі бойынша арыз-шағымдар дер кезінде қаралуда

Еңбек қауіпсіздігі бойынша арыз-шағымдар дер кезінде қаралуда

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Бауыржан Ахметәліұлы басқарма тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

– Осы жылдың 6 айында 584 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар қарастырылды. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 104 тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, 182 заңбұзушылық анықталып, 68 нұсқама берілді. Тексеру нәтижелерімен 4,5 млн. теңге көлемінде 25 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 21-нен 2,9 млн. теңге айыппұл өндірілді, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторымен атқарған жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері 1960 жұмыскердің (35 кәсіпорындағы ) 166,5 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары төленген. Осы орайда, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалған. Ал қаламыздағы 106 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

Сонымен қатар, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Қорытындысында бүгінде өңіріміздегі 1 452 кәсіпорында өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатыр. Ал жыл басынан бері зиянды және қауіпті 390 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді.

Айта кетейік, өңірімізде еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін ұлғайту үшін «109 ІКөмек» жобасы арқылы жүзеге асыру қолға алынды. Яғни, халықаралық тәжірибеге сәйкес барлық өтінімдерді (анонимдік қоңырауларды қоса) қабылдайды.

Еске сала кетейік, басқарманың мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталы, Facebook (enbekshym), Instagram (enbek_inspekciyasy) әлеуметтік желілері және «27-38-42» сенім телефоны тұрақты жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...