Қазақстандық "классиктер" Азия чемпионатында көш бастады

Қазақстандық "классиктер" Азия чемпионатында көш бастады

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық "классиктер" үздік атанды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді. 

Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі) және Мерей Мәулітханнов (72 келі) өз салмақтарында топ жарды. 

Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады. 

Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...