Үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

Үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

30 маусым мен  6 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионты  өтеді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа 239 спортшы қатысады. Медальдар командалық және жекелей сында, аралас және жұптық сында сарапқа салынады. 

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: 

Алан Құрманғалиев, Қадырали Қабдылуахитов, Абдулла Мамай, Ши Данян, Алихан Қадыри, Асылхан Мағмұмбеков, Алексей Маркин, Бакдаулет Сәуірбай, Сарвиноз Миркадирова,  Альбина Жақсылыкова, Дарья Фу, Ақниет Амангелді, Нұрсая Нұрман, Жания Бекмухамбетова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...