Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады

Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады

Азия теннис федерациясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық 15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы ұпай санын 2 610-ға жеткізіп, рейтингте көш бастады.

Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...