"Азия чемпионатына апармадық": Бас хатшы Париж ойындарына қатысатын екі таеквондошының дайындығы жайлы айтты

"Азия чемпионатына апармадық": Бас хатшы Париж ойындарына қатысатын екі таеквондошының дайындығы жайлы айтты

Таеквондо федерациясының бас хатшысы Олжас Бесбаев Париж Олимпиадасына жолдама алған екі спортшының дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшыларымыз жоспар бойынша дайындалып жатыр. Қазір біз оларды физикалық тұрғыдан одан әрі жақсарту үшін шетелдік мамандарды іске қостық. Екі спортшы да Азия чемпионатына қатысқан жоқ. Париж Олимпиадасына үлкен дайындықпен барамыз",  - деді Бесбаев. 

Айта кетелік, Париждегі жазғы ойындарда таеквондодан Қазақстан намысын Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғали қорғайды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...