Олимпиада ойындары коронавирусқа қарамастан өтеді - ХОК

Олимпиада ойындары коронавирусқа қарамастан өтеді - ХОК

2021 жылы Токиодағы олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өтеді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNA сайтына сілтеме жасап.

"Олимпиада COVID-19 вирусына қарамастан өтеді. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады", - деді Джон Коутс.

Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере отырып, "жойқын цунамиден кейінгі жаңғыру" болуы керек екенін айтты. Бірақ Джон Коутс әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты тақырып өзгеретінін жеткізді.

"Бұл коронавирусты жеңген ойындар болады", - деді вице-президент.

Айта кетейік, биыл жазғы олимпиада ойындары 24 шілде - 9 тамыз аралығында Токиода өтуі керек еді. Алайда әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты дүбірлі доданың уақыты шегерілді.

 https://kaz.tengrinews.kz/allsports/olimpiada-oyyindaryi-koronaviruska-karamastan-oted-hok-312680/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...