Юлия Путинцева әлемнің 15-ракеткасын жеңіп, US Open турнирінің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева әлемнің 15-ракеткасын жеңіп, US Open турнирінің ширек финалына шықты

Осы күндері теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі өтіп жатыр. Мәртебелі додаға Қазақстанның намысын қорғау үшін жекелей сында сайысқа 5 бірдей спортшымыз қатысты. Ерлер арасында Михаил Кукушкин мен Александр Бублик, қыздар арасында Елена Рыбакина, Зарина Диас және Юлия Путинцева жарысқа қатысып, Путинцевадан басқасы жарыс жолынан ерте шығып қалды. Бұл туралы  Azattyq Rýhy сайты жазды.

Зарина Диас жарыстың алғашқы айналымында-ақ алаң иесі Б. Перадан жеңілсе, Елена Рыбакина 2 айналымда америкалық теннисші Ш.Роджерстен ұтылды. Ал Александр Бублик жарыстың бірінші кезеңінде британдық спортшы К. Эдмундқа есе жіберсе, Михаил Кукушкин алғашқы екі айналымда сәтті өнер көрсетіп, үшінші айналымда аустралиялық Д. Томсоннан жеңілді.

Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жатқандардың арасында жарысты жалғастырып келе жатқан – Юлия Путинцева. Ю. Путинцева алғашқы айналымда жарыс қожайыны Р. Монтгомериді 6-1, 6-3 есебімен айқын жеңді. Екінші айналымда да беларусь спортшысы В. Лаапконы екі сет бойынша (6-3, 6-3) оңай айналып өтті. Путинцева үшін үшінші айналым қиынға соқты. WTA рейтингінде 15 орында тұрған хорватиялық Петра Мартичпен болған кезхдесу үш сетке жалғасты. Алғашқы сетті қазақстандық теннисші жеңсе (6-3), екінші сетте хорватиялық спортшы басым (6-2) түсті. Ал шешуші сетте Путинцева бар күшін салып, 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 35 орында тұр. Юлияның ширек финалдағы қарсыласы – америкалық Дженнифер Брэйди. Ол дәл қазіргі уақытта WTA рейтингінде 41 орында тұр.

https://azattyq-ruhy.kz/news/12828-iuliia-putintseva-lemnin-15-raketkasyn-zhenip-us-open-turnirinin-shirek-finalyna-shykty

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту және көмір генерациясы жөніндегі ұлттық...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселесі...