Министрлік туралы Комитеттер Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты «Жүйелі тәсіл нақты нәтиже береді» — Ербол Мырзабосынов халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды құттықтады

Министрлік туралы Комитеттер Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты «Жүйелі тәсіл нақты нәтиже береді» — Ербол Мырзабосынов халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды құттықтады

Кеше отандық спортшылар халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Швейцарияның Айроло қаласында өткен фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде Асылхан Асан жеңімпаз атанса, Бакуде өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Милад Карими 2 күміс медаль жеңіп алды. Ал Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Надежда Морозова 500 метр қашықтықта үшінші нәтиже көрсетті.

Алдағы жазғы Азия ойындары қарсаңында мұндай жетістіктердің маңызы ерекше. Бұл отандық спортшылардың ірі халықаралық жарыстарға жақсы дайындықпен келіп жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ жерлестеріміздің жеңісті жолын Аустрияда өтіп жатқан дзюдодан Grand Prix кезеңінде топ жарған Әділет Алмат жалғастырды. Бұл жарысқа 59 елдің спортшылары қатысты. Осындай жоғары бәсекеде 21 жастағы Әділет алты белдесуінің бәрін сенімді өткізіп, финалда лайықты жеңіске жетіп, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғады.

Әсіресе бұл нәтижеге жас спортшының қол жеткізгені маңызды. Бүгінде еліміздегі мектептерде дзюдо белсенді түрде дамып келеді. Осындай жеңістер спортты жүйелі дамыту мен жастарды қолдаудың нақты нәтиже беріп жатқанының айқын көрінісі.

Спортшыларды дайындауға үлес қосқан жаттықтырушылар құрамына, федерацияларға және барлық маманға алғысымды білдіремін.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...