Абай облысының бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Абай облысының бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

6-8 наурыз күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды, деп хабарлайды No-comment.kz - Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында облысымыздың тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы:

1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)

2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)

3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)

Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді, деп...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен...