1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады

1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады

Үкімет отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.

Бүгінгі таңда мектептердің 90% оқулықпен қамтылды.

Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасуда. Балаларды оқу құралдарымен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында 22,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Ол 510 мың баланы мектепке дайындықпен қамтуға жұмсалады.

Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше...