Тоқаев тағы бір агенттік құруды тапсырды

Тоқаев тағы бір агенттік құруды тапсырды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырды. Президенттің айтуынша, бұл шешім қабылдаудың дербестігін арттырып, мүдделер қақтығысын болдырмайды.

«Өткен жылы көлеңкелі экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты істердің рекордтық саны қозғалды. 73 қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді, қолма-қол ақшаны алу көлемі азайды. Бірақ бұл жұмыстың басы ғана», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылға қарай көлеңкелі экономика 15%-дан аспауы керек екенін айтты.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірде...

В Астане состоялась церемония подписания Меморандума о взаимном сотрудничестве между НПП «Атамекен» и Агентством Республики Казахстан по делам...