Тоқаев: «Қазақстандық вакцинаны салдырамын»

Тоқаев: «Қазақстандық вакцинаны салдырамын»

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинаның қазақстандық үлгісін салдыратынын Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесін күтеміз. Бұл жағдайда мен қазақстандық вакцинаны салдырамын. Нәтиже оң болады деп үміттенемін», - деді Президент.

Жаппай егу елімізде 1 ақпаннан басталады. Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинамен алғаш егілгендердің бірі ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болды. Сондай-ақ, вакцина қабылдаған еріктілер қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бар. 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...