«АрселорМиттал Теміртау» цехында шатыр құлады

«АрселорМиттал Теміртау» цехында шатыр құлады

«АрселорМиттал Теміртауды»" еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС-да ұсталық-престеу цехында шатыр опырылып құлады, - деп хабарлады  Inbusiness.kz.

Теміртау қалалық ТЖБ мәліметінше, 23 қаңтарда № 11 жылыту пешінің үстінде жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын екі жабын плита опырылып құлаған. Апат демалыс күні болғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ. № 11 жылыту пешінің қосалқы алаңы мен инженерлік конструкциялары зақымданған.

Басылым «АрселорМиттал Теміртау» өз сайтында да, әлеуметтік желілерде де болған оқиға туралы хабардар етпегенін атап өтіп, комбинатта бұрын болған осындай оқиғалардың тізімін де жариялады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...