Дубайда әлемдегі ең биік әткеншек бой көтерді

Дубайда әлемдегі ең биік әткеншек бой көтерді

Әлемдегі ең биік әткеншек Дубайдағы (БАӘ) Bollywood Parks ойын-сауық орталығында орнатылды, деп хабарлады  «Известия» басылымы.

Бұл ойын-сауық орталығы былтыр көктемде пандемияға байланысты жабылып қалған. Алайда, осы уақытқа дейін орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әткеншектердің көбі соңғы үлгідегі түріне жаңартылған. Сондай әткеншектердің бірі – биіктігі 140 метрге жететін Bollywood Skyflyer тізбекті әткеншегі. Ол бұған дейін Гиннестің рекордтар кітабына енген әткеншектен 18 метрге биік болып шықты.  

«Әуе төрінде қалықтап ұшуға батылы жеткен жанның бәрі ойын-сауық орталығының көз жауын алар көркем көрінісі мен оның айналасындағы ғажап ғимараттарды биіктен тамашалай алмақ» деп жазады Themepark-central басылымы.

Орталыққа келушілер үшін америкалық төбешіктер, биіктігі 55 метрлік шолу дөңгелегі мен үнділердің ұлттық тағамын ұсынатын арнайы аллея да ашылған. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...