Алматыда 32 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Алматыда 32 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Алматыда биыл 32 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз-қызметі сілтеме жасап Almaty.tv арнасы мәлімдеді.

Ақпанда қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қалалық «Мансап» орталығы ашылған еді. Орталық жастарға жұмыс табуға, кеңес алуға, семинарларға қатысуға мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту платформасының аясында 6 мың жас жұмысқа орналасқан.

– Орталықтың курстары көңілімнен шықты. Дизайнер үшін ең маңызды дағдыны үйрендім. Курсты аяқтаған соң жұмыс тауып беруін өтіндім. Орталық  кеңес беріп, бос жұмыс орнын табуға көмектесті. Сондай-ақ олар компанияларға түйіндемемді ұсынады, – деді қала тұрғыны Дарын Баубек.

 

Басқа ұқсас платформалардан ерекшелігі – мұнда жұмыс тауып қана қоймай, сертификат алу үшін тегін қысқамерзімді курстардан өту мүмкіндігі қарастырылған. Жұмыспен қамтылғандар арасында NEET санатындағы, яғни оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар да бар.

– Екі бағытта жұмыс істейміз. Қысқамерзімді курстар арқылы сұраныстағы мамандықтар бойынша ақысыз оқыту және 35 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыру. Курстар негізінен 4 бағытта жүргізіледі. Олар –  IT, soft skills курсы, қызмет көрсету секторы және қолөнер мамандығын үйрететін «Жас шебер» курсы, – деді қалалық «Мансап» орталығының директоры Азамат Асқар. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...