Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv арнасы.

Түркияның Анталия қаласында өткен тартысты бәсекеде Алматыдағы №144 мектеп-гимназиясының 12 оқушысы 24 медаль жеңіп алды.  29 қазан мен 5 қараша аралығында өткен халықаралық байқауға 1000 жуық оқушы қатысқан.

– Олимпиадалық сұрақтар оңай болған жоқ. Бірақ шешімін табуға тырыстық, - дейді халықаралық олимпиада жеңімпазы Солих Әбдухалил.

 

– Аталған олимпиадаға 15 елден қатысушы барған. Алыс-жақын шетелден бөлек, Алматының жекеменшік мектептерінен де біраз оқушы қатысты. Бірақ ең көп жүлде біздің оқушыларымыздың еншісінде болды, - деді №144 мектеп-гимназиясының директоры Әлия Саламатова.

Анталиядағы халықаралық білім олимпиадасы – жыл сайын ұйымдастырылатын үздік білім сайыстарының бірі. Мектеп ұжымының байқауға қатысуына отандық компаниялар мұрындық болып, демеушілік көрсеткен. Оқушылар биология, математика, орыс, ағылшын тілдері және дүниежүзі тарихы пәндерінен жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ Түркиядағы Туризм академиясында оқуға грантты аталған мектептің оқушысы жеңіп алды.

 

– Үміт ақталды. Балалар біз күткеннен де үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Біз оларға «барып, жеңіп келу керек» деген сынды ешқандай шарт қойған жоқпыз. Бірақ оқушылар өздерінің үздік екенін дәлелдеді. Болашақта үлкен шыңдарды бағындыратынына сенімдімін, -дейді Болат Ибрагимұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...