Қиындыққа тап болғандарға арналған байланыс орталығы ашылды

Қиындыққа тап болғандарға арналған байланыс орталығы ашылды

Қазақстанда енді балалар құқығы бұзылған жағдайда «111 – жедел қызметіне» хабарласып, шағымдануға болады. Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жанынан құрылған байланыс орталығы қыркүйек айынан бастап іске қосылды, – деп жазды, балалар құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес төрайымы Динара Зәкиева өзінің Facebook парақшасында.

Аталған байланыс орталығына балалардың құқығы бұзылған кез келген жағдайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жүгініп, көмек алуға болады.

«Құрметті достар!

“111 – AMANAT” мемлекеттік байланыс орталығы/сенім телефоны жұмысының алғашқы 4 күнінде алуан түрлі мәселеге байланысты 1688 өтініш қабылданды: емдеу, білім беру, жәрдемақы, зорлық-зомбылық және қатыгездік, психолог пен заңгердің көмегі. 533 адам психологиялық көмек алды.
 
Біз мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, телеарналармен бірлесіп ақпараттық жұмысты бастап кеттік және бәріңізді оған қосылуға шақырамыз.
 
Егер сіз:
- қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік көмек пен мемлекеттің қолдауына мұқтаж отбасы, бала;
- зорлық-зомбылық, буллинг фактілері;
- баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы білсеңіз 111 НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ. Жақын арада мектептер мен қоғамдық орындарға плакаттар мен баннерлер ілінеді. Орталық мемлекеттік органдармен байланыста тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық өтініш құпия сақталады. Қоңырау шалу тегін. Көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады» деп жазды Д. Зәкиева.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...