ТҮЛКІБАС: КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.

ТҮЛКІБАС: КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде ауыл тұрғындарымен кездесу жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды.
Осыған орай ағымдағы жылдың 4 - қазан күні, Түлкібас кенті әкімдігінің ғимаратында кент әкімі Е.Айтымбетов кент тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге мәслихат депутаты Е.Құлжанбаев және кент ардагерлері, ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Халықпен кездесуде Түлкібас кент әкімі «Кентіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың IІІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы мәлімдеме жасады.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға кент әкімі және тиісті сала мамандары жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алып, сала мамандарына тапсырма берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...