САЙРАМ: А.ӨСЕРБАЕВ: АУДАНДАҒЫ ӘРБІР МӘСЕЛЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

САЙРАМ: А.ӨСЕРБАЕВ: АУДАНДАҒЫ ӘРБІР МӘСЕЛЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші болып 2024 жылға аудан бюджетін қалыптастыру барысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады. Белгілі болғандай аудан бюджетінің жобасы аудандық мәслихаттың қарауына 15 қазанға дейін ұсынылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жиында аудан аумағындағы күл қоқыстарды тасымалдаушы мекемелердің жұмыстары туралы ТҮКШ бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Н.Абділдаев баяндады. Оның айтуынша, аудандағы 11 ауылдық округтегі тазалық жұмыстарын 8 мекеме тарапынан атқарылуда. Бүгінде ауылдық округ әкімдіктерінің жұмыс жоспарына сәйкес, тиісті аумақтарда қоғамдық жұмысшыларды бекітіп, кесте бойынша тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Көтерілген үшінші мәселе - облыс және аудан әкімінің жеке қабылдауына берілген тапсырмалардың орындалу барысы көтерілді. Биыл 9 айда ауданға 2972 өтініш келіп-түскен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 24% аз екендігі анықталды. Бұл ретте әкім орынбасары тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етпеген бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің жауапкершілігін қолданыстағы заңнама аясында қарап ұсыныс енгізуді тапсырды.
Кездесуде А.Өсербаев ауданды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжіліс соңында А. Өсербаев көтерілген әрбір мәселе мен тұрғындардың ұсыныстары біз үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...