ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы ҚХА жанынан құрылған ақпараттық-насихат топ өкілдері Келес ауданында халықпен кездесті.
Келелі жиынға тек Келес ауданының ғана емес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарының тұрғындары жиналып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдаулардың тиімділігі туралы, сондай-ақ өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Басқосуға Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің бас маманы Жомарт Бердіхан, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нурипа Темірбекова, Келес аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің Жасақтау бөлімше бастығы Бекжан Садықов, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер мүшелері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар полиция қызметкерлеріне, әскери комиссариатқа сұрақтарын қойды. Халықты жұмыспен қамту, грант бөлу, жеңілдетілген несие беру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі бойынша түсіндірме жасалды. Түркістан облысы ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұловтың Президент Жолдауында айтылған мәселелер мен “Ауыл аманаты”, "Жастар практикасы" сияқты мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты түсіндіруді күшейтудің қажеттігін айтты. Аталған бағдарламалар бойынша сауалдарға тиісті жауаптар берілді.
Келес ауданында өткен ақпараттық-насихат тобының кездесуін қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Эльмира Жанғазиева Президент тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды ауыл-аймақты аралай жүріп, халыққа түсіндірме жұмысын ширатудың өзектілігін айтты. Билік пен бұқараның ортақ басқосуы, ортақ іске жұмылуға негізделді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...