БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 14 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 14 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.
Айта кетейік, шағын ауданда 2025 жылға Төлепбергенов, Алтынбастау, Ештай ата, Арайтаң, Әлменов, Ақтасты, Тәуекел хан көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде, Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады.
Нәтижесінде мегаполис жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жетеді.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда.
Қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...