ОТЫРАР: Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ОТЫРАР: Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кездесу жиыны Қарақоңыр ауыл округінде қорытындыланды. Бұған дейін барлық ауыл округтерінде болып тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аудан басшысы әйгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың атымен аталатын ауылды абаттандыру бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.
Ән падишасының музей үйін тамашалауға келетін туристер саны аз емес. Сондықтан сырттан келген қонақтарға қолайлы жағдай жасау керек. Осы бағытта Ш.Қалдаяқов ауылына кіре беріс жол бойын абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылы атқарылады деп күтілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аясында аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов елді мекенінен балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізілмек.
Елді мекендегі «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі іске асып келеді. Мәселен Қарақоңыр ауыл округі Арыс (Актам) елді мекеніндегі У.Ілиясов, Қ.Әбілқасымов көшелері мен Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Отан» көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілген.
Дегенмен алдағы уақытта кезегін күткен мәселелер де аз емес. Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейде жүрген мәселелерін айтып, аудан басшысынан бақылауға алуын сұрады. Атап айтқанда Ақтам елді мекенінің тұрғындары Ж.Бабахов пен Ж.Аңдамасовалар ауылдағы Уәлихан Илиясов көшесіне жартылай жүргізілген асфальт төсеу жұмыстарын жалғастырып, көше соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген өтінішін айтса, Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғыны Рахман Пәрменқұл ауыл мешітіне жұмсалатын электр тарифын үнемдеу мақсатында тариф бағасын төмендетіп беруін сұрады. Аудан әкімі аталған мәселелерді өз бақылауына алатынын айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесуден соң жеке қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында тұщымды жауаптар беріліп, кейбір мәселелерге байланысты заңдылығына қарай тиісті жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...