САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ЕСКЕРІЛЕДІ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов кезектілік тәртібімен жазылған 11 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көкейде жүрген түйткілдерін тыңдады.
Аудан басшысына өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізгендердің басым көпшілігі ауыз су, тазалық, жұмыссыздық пен жайылым жер мәселесін көтерді. Қабылдауда Б.Құлжабаев есімді азамат жайылым жер мәселесін айтты. Тұрғынның айтуынша, Құрылықта қазір жайылымдық жерлер мемлекетке қайтарылмақ түгілі, сатылымға шыққанын алға тартуда. Осыған орай, А.Сәбитов 11 тамыз күні Қайнарбұлақ ауыл округін арнайы комиссия өкілдерімен «заңсыз жайылым жерді пайдаланған фактілерді» анықтауға Б.Құлжабаевты шақырды. Аталған факт анықталған жағдайда сотқа талап арыз дайындалатын болады.
Айта кетейік, аудан бойынша жалпы 2014,6 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде сот тәртібімен -–761,1 га, өз еркімен – 1253,5 га жер. Ал, Қайнарбұлақ ауылдық округінде былтыр 587,3 га жер учаскесі қайтарылса, биыл 32,9 га жер мемлекет меншігіне оралды.
Жиында Ақсукент елді мекеніндегі тазалық мсәелесі де қаралды. Бүгінде ауылда күл-қоқысты тазартумен 3 мердігер мекеме айналысуда. Одан бөлек, Ақсукентте республикалық, облыстық, ішкі шаруашылық көшелерінің бойындағы ретсіз қоқысты күнделікті тазарту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген болатын. Бұл өз кезегінде, алдағы уақытта тазалық мәселесін шешетін болады.
Қабылдау барысында аудан әкімі Арман Сәбитұлы әрбір тұрғынның сауалдарын жіті тыңдай отырып, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...