САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды» деген болатын. Бұл орайда Арман Сәбитов ауылдық округ тұрғындарымен кездесуінде көтерілген проблемалардың орындалу барысы бойынша жиналыс өткізді. Әсіресе, аудан тұрғындарының талап-тілектеріне дер кезінде назар аудару, тиісті сала мамандарын жұмылдырып, мәселенің оң шешілуіне көңіл бөлуде нақты жұмыстар жетерлік.
Жиналыста аудан әкімі тұрғындар тарапынан түскен барлық мәселеге жеке-жеке тоқталды. Ақбұлақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесуінде Ташимов, Сауран, Яссы көшелеріндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан орнатылған су мұнарасынан («Аква Марин» ЖШС) лай аралас су мәселесі айтылған болатын. Бұл ретте аталған нысанда лай судың шығу электр қуатының тұрақты қосылмау салдарынан болғаны анықталды. Қойылған КТП-дан ақау шығып, изоляторлары ауыстырылды. Бүгінде мәселе толық шешіліп таза ауыз су тұрақты берілуде.
Мұнан соң Теспе ауылындағы ауыз су желісіндегі қысымы «Сайрам тазалық» ЖШС мамандарымен зерделеніп,қазір ауыз су қысымы проблемасы реттелді. Сонымен қатар, Көлкент ауыл округіне қарасты Ханқорған, Шапырашты және Көлкент ауылдарындағы елді мекен шегіндегі жайылым жерлерді заңсыз қоршап алған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Ханқорған ауылындағы өз бетінше заңсыз қоршаған 4 азамат, Көлкент ауылында 3 азамат қоршауларын ашты.
Арман Сәбитұлы халықпен кездесулерде барлық сауалдарды өзі жазып отырады. Бұл көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын көрсетеді. Айта кетейік, күн тәрітібінде III-тоқсанда көтерілген 71 мәселенің орындалу барысы сараланды. Бүгінгі күні түрғындар тарапынан түскен 7 сұрақ нақты шешімін тапқан, ал 24 өтініш орындалу үстінде. Орындалмаған 6 мәселе бар. Сондай-ақ мерзімі бар 26 өтініш және 8 тұрақты мәселе қалды.
Жиын барысы аудан әкімі тапсырмалардың орындалуын талқылаумен жалғасып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, Арман Сәбитұлы аппарат басшысына жұмыстарды жылдамдату қажеттігі, қадағалаудың күшейетіні ескертілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...