САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әр аптаның бейсенбі күні өтетін аудан әкімінің жеке қабылдауында алдын ала жазылған 9 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй кезегі,мектеп формасы, жұмысқа орналасу,жер мәселесі ,әлеуметтік көмек және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
- Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері шешу жолдарын қарастырып,қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс екенін де ескерткім келеді,-деді аудан басшысы.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық өтініштерге мардымды жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, қосымша уақыт талап ететін мәселелерді жеке бақылауында ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа...