САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен есептік кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген мәселелердің қаншалықты орындалғанын халық алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аудан басшысы одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап беріп, мәселелердің шешілу жолдары мен жүйелерін жақсылап түсіндірді.
-Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Сіздердің ой-пікірлеріңізді есту, ауданның әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер шешілді. Ауыз су мәселесі бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынған,– деді аудан басшысы.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына көпірді күрделі жөндеуден өткізу, жайылым жер, астау (лоток) орнату, жолдарды жөндеу, жеңілдетілген несие, жер мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа...