САУРАН: САУРАНДА "АУЫЛ АМАНАТЫНА” ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ ТҰРҒЫНДАР САНЫ АРТТЫ

САУРАН: САУРАНДА "АУЫЛ АМАНАТЫНА” ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ ТҰРҒЫНДАР САНЫ АРТТЫ

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тұрғындары "Ауыл аманаты" жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашуға ниетті. Бұл туралы ауыл тұрғындары Сауран ауданы әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. Пилоттық жобаға ауданға қарасты 4 ауылдық округ енгізілген. Осыған дейін халық тарапынан көтерілген мәселелер шешімін тапқан болатын. Дей тұрғанмен уақыт пен бюджетке байланысты орындалмай қалған түйткілдер қатары да аз емес. Жиын барысында аудан әкімі алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы талқылап, жоспарлар легімен бөлісті.
Аталған 4 ауылдық округтен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жалпы құны 349,8 млн теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданып, оның ішінде 111 млн.теңгені құрайтын 21 жоба қаржыландырылды. 2 кооператив пилоттық жобаға қатысуда. Иқан Агро-2" АШӨК отбасылық сүт фермасын ашуға ниетті. Ал, SAMRUQ 2023" АШӨК отбасылық мал бордақылау алаңдарын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, несие алуға 7 жобаның құжаттары өткізіліп, «Ырыс» несие қаржы ұйымынан 41 млн теңгені құрайтын несие алуға мақұлданды.
Аудан әкімі жиын барысында шаруалардың берекесін арттыруға бағытталған бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...