НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – ҚОҒАМ МІНДЕТІ

26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі ғимаратында нашақорлықтың алдын бойынша кездесу өтті.
Мақсаты - салауатты өмір салтын ұстана отыра, жастар арасындағы нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу және жат қылықтардан аулақ болуға баулу.
Кездесуде Шымкент қаласынын Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Жомарт Дөрбетхан қатысты. Олар есірткінің адам өміріне әкелер зияны мен оны қолданған жағдайда заң аясында қандай жауапкершіліктердің қаралғаны жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, дін саласының маманы діни экстремизм жөніндегі ақпараттандыру жұмыстарына тоқталып, жат ағымдардан сақ болуға шақырды.
Нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі. Ол адам өміріне ғана емес қоғамға қауіпті. Біз өздеріңізбен жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра, кездесулер, акциялар тіпті, спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсат - салауатты өмір салтын ұстанып, жат қылықтардан аулақ болуға шықырамыз, - деді Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков.
Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады.Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп,тәуекелге жиі барады.Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады.
Айта кетейік, бүгінде орталығымыздың ұйымдастыруымен жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе, білім беру мекемелері, жоғары және орта оқу орындарында тұрақты түрде кездесулер өткізіліп келеді.
Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...