АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласына іс-сапары барысында Тұран ауданы Жаңаталап елді мекені, Абай ауданына қарасты Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабтарының, Қызылжар шағын ауданының, Ақжар елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Тұран ауданы әкімінің орынбасары Б.Мелдебеков және аудан тұрғындары, ауыл билері қатысты.
Басқосуда тұрғындар халық қалаулысына аудандағы қордаланған мәселелер бойынша сауалдарын, талап-тілектерін жолдады. Атап айтсақ, жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу, елді мекендерде көшелерді жөндеу, жайылымдық және суармалы жерлердің мәселесі және т.б.
Сондай ақ, халық қалаулысы №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының ұжымымыен кездесіп, медицина қызметкерлерінің ой- пікірін тыңдады.
Өз кезегінде Данабек Ержанұлы тұрғындар көтерген мәселелерді тиісті мекемелерге жолдап, оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.
Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Себебі, елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолбайлау.
Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттарға арналған жерлерге кешенді мониторинг жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобы тиісті тексеру шараларын жүргізуде. Мониторинг барысында анықталған Ынтымақ шағын ауданы аумағынан 15,73 га. және 24,15 га. бос жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жет телімдері қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімделді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...