«GREEN TOWN SOUTH» ЖШС БЕТОН ШЫҒАРАТЫН МЕКЕМЕ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

«GREEN TOWN SOUTH» ЖШС БЕТОН ШЫҒАРАТЫН МЕКЕМЕ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Исабеков Данабек Ержанұлы және «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы мен «AMANAT» «Жасұлан» БПҰ төрағасы Тасмурзаев Абуали Шалдарбекұлымен бірге «Green Town South» ЖШС бетон шығаратын мекеме жұмысшыларымен кездесті. «Green Town South» ЖШС құрылыс мекемесінде «Tezgüller makina 2098» маркалы жабдық, өндіру жылдамдығы күндігіне 1000 м2, жол бордюрі 8сағатта 2 400 шт, кіші бордюр 4000 шт өндіреді.
Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары айқындалған. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні – ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар көре алатындай әділетті экономикалық жүйе құру. Сонымен қатар, жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде оң бетбұрыстар жасалмақ. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмысшыларға жағдай жасау, мамандар даярлауға көңіл бөлінуде. Нарықтық кезеңге сәйкес, шығарылған өнімдер де бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды», – деген болатын. Біз ортақ игілікке өз үлесін қосып жүрген, жұмысын адал атқаратын қарапайым еңбек адамдарына қолдау көрсетудеміз. Осы мекемеде таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс жасайтын жұмысшылардың қаладағы қоғамдық көлікте тегін жүруін ұйымдастырдық. Сонымен қатар, еліміздің белгілі тынығу орындарына жолдама беруді бастадық. Осы жылы бұл қолдаудың ауқымы кеңейеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындағы күрделі жағдайға қарамастан, біз орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалақыны өсіру бағытында жұмыс жүргізудеміз», – деді Данабек Исабеков.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек етуге лайықты жағдай жасалатынын, әлеуметтік кодекс қабылданғанын және жұмысшыларға қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жұмысшыларының айлығын өсіруге ниетті жұмыс берушілерге өз тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін де жеткізді.
Мекеме басшысы мемлекеттен жеңілдіктерге қол жеткізіп отырғандарына алғыс айта отырып халық қалаулысына өздерінің ұсыныс,талап-тілектерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...