Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрін отставкаға жіберді

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрін отставкаға жіберді

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  24.kg сайтына сілтеме жасап.

"Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді", - деп хабарлайды Жээнбековтың баспасөз қызметінднгілер.

Үкімет министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.

"Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанға дейін бұрын атқарған қызметтеріндегі міндеттерін орындауды жалғастырады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...