Тоқаев "Қазақтелекомның" жұмысына оң баға берді

Тоқаев "Қазақтелекомның" жұмысына оң баға берді

Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, - деп хабарлады Tengrinews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне ауылдық елді мекендердегі талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысына қатысты ірі жобаның жүзеге асырылуы жайында баяндалды. Бұл жоба жыл соңына дейін толық аяқталуға тиіс. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі айналымды азайту мақсатында тауарларды таңбалауды енгізу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл жобаға "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы операторлық етеді.

Мемлекет басшысы компания жұмысының нәтижелеріне оң баға берді. Сонымен қатар халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтерді ұсыну, интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігін кеңейту және сапасын арттыру, сондай-ақ, өзге байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...