СОЗАҚ: ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА БОЙ КӨТЕРГЕН ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

СОЗАҚ: ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА БОЙ КӨТЕРГЕН ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Қаратау ауылдық округінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Қаратау ауылында қазіргі таңда жастар арасында спортты дамытып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңының құрылыс жұмыстары жүруде. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Осы ретте, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау ауылдық округіне жасаған сапар барысында құрылыс жұмыстарын назарға алып, мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесті.
Сондай-ақ бұндай заманауи үлгідегі ойын алаңшалары мұнымен шектелмейтінін айтты. Ауыл жастары кез-келген мезгілде спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау мақсатында өзге де ауылдық округтерде кезең-кезеңімен жалғасын тауып, бой көтеретінін тілге тиек етті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...