ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ АТАМЕКЕНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ АТАМЕКЕНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Жылы су ауылдық округінен кейінгі кездесуі Атамекен ауылдық округінде жалғасты.
Аталмыш округ тұрғындары мамыр айында өткен кездесуде аудан басшысына маңызды деген 13 мәселені айтқан болатын. Аудан басшысы кездесуін көтерілген мәселелердің орындалу барысымен таныстырудан бастады.
Нақтырақ айтар болсақ, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, қашыртқы қазу, қатты тұрмыстық қалдықтарды ретке келтіру, Батманов көшесіне аяқ жол салу, Қоғалы елді мекеніндегі канал мен К-25-12 каналын жөндеу, көшелерді күрделі жөндеуден өткізу мәселелері бойынша тиісті жұмыстар атқарылса, жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша Атамекен ауылдық округі, Қоғалы елді мекеніндегі 270 гектар жер «Атамекен ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне тұрақты, жер пайдалану құқығымен бекітіліп берілген.
«Тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер бойыша арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Әйтсе де, кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап етілгенімен нәтижесінде көтерілген сұрақтардың барлығы өзінің оң шешімін табатын болады.
Әрине жұмыс жасалмай жатқан жоқ емес, алдымызда ауқымды істерді атқаратын жоспарлар, маңызды мәселелерді шешу үшін маңызды жобаларымыз да бар» деген Серік Үсенұлы аудандағы 19 319 шағын және отта бизнес субъектілері тарапынан бірінші жарты жылдықта 43 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан бюджетінің өзіндік кірістері 6 айда 2,5 млрд теңгені құрап, 9,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылған.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан тазалық жұмыстарын жүйелендіру, көгалдандыру, тік дренаждарды қалыпқа келтіру, жол салу дәне ескі электр бағаналарын ауыстыру мәселелері қозғалды. Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауапты сала мамандарына тапсырма берілді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...