КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ОБЛЫС ӘКІМІН САЯБАҚТА СЕРУЕНДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ОБЛЫС ӘКІМІН САЯБАҚТА СЕРУЕНДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

Кентау қаласы тұрғындарымен есептік кездесуінде сұрақ қойған кентаулық азаматша, қоғамдық кеңес мүшесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны уақыт бөліп, жақын маңдағы саябаққа серуендеуге шақырды. Ол өз сөзінде қаладағы саябақтар мен демалыс орындарының тазалығы сын көтермейтінін айтты. Облыс әкімі өз жауабында тазалыққа әрбір тұрғынның жауапты екенін атап өтті.
- Иә, дәл қазір «Тазалық – табалдырықтан басталады» – деген қазақ атамыздың тамаша айтылған нақыл сөзі есіме түсіп тұр. Өзін өркениеттімін дейтін кей жерлестеріміз өз үйінің табалдырығына дейінгі ортаны, оны тазалайтын азаматтардың еңбегін бағаламайтыны өкінішті. Қоршаған ортаға құрметпен қарап, жанашырлық жасауды, тазалықты өзімізден бастайықшы. Сонда қазынадан қыруар қаражат кетірудің орнына сол ақшаны әлеуметтік маңызы бар, аса қажет нысандарды салуға жұмсар едік. Солардың санын арттырар ек. Біз тазалық мәселесін жіті бақылап отырамыз. Әр аудан, қалаға барған сайын бұл мәселені өзім көтеремін. Сырттан келген сыншының көзі сүйсініп, өзіміз үшін мақтаныш сезімі ұялайтын ауыл мен көше тазалығы бәрімізге ортақ. Сондықтан тазалықты сақтайық, ағайын! - деді облыс әкімі.
Кездесу соңында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласының тұрғынымен бірге орталық саябақты аралап шықты. Сын-ескертпелерді ескеріп, жауапты басшыларға тазалық сақтау жұмыстарын ширатуды тапсырды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...