САЙРАМ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

САЙРАМ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімі Арман Сәбитов бүгін кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Әдеттегідей, жеке қабылдауға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Оннан аса азамат жеке қабылдауға жазылып, көкейінде жүрген маңызды мәселелерін жеткізді. Оның ішінде қоғамға қатысты шешілуі тиіс мәселелерді көтерсе, енді бірі жеке басында болып жатқан пробемасын айтты.
Аудан басшысы әрбір азаматтың көтерген мәселелерін тыңдап, олардың шешу жолдарына тоқталды. Кейбір мәселелер жан-жақты зерттеу-зерделеуді қажет еткендіктен аудан әкімдігі тарапынан арнайы комиссия құрылатын болды. Яғни, комиссияның жүргізген жұмыстарының нәтижсіне сәйкес, заңсыздықтар мен кемшіліктер жайына азаматтардың қатысуымен қосымша отырыс өткізілетін болады. Сол мақсатта қолданыстағы заңдылықтарға сай 3 азамат аудан басшысына арыз жазып, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасауды сұранды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...