ҚАЗЫҒҰРТ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Сарапхана және Қазығұрт ауыл округтерінен келген бірнеше азаматпен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар ауыз су, ғаламтор мәселелері және кәсіпкерлік мақсатта жер алу мәселесі төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына шешімін табуды тапсырды, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...