ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда аудан әкімінің орынбасарлары, әр мәселеге жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар тарапынан Т.Бокин көшесіне латок қою, Жаушықұм егіс алқабынан жер алу мәселесі, ауыз су, мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алу, Достық ауылындағы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесінің заңдылығын анықтау, мүгедектерге қараушылардың мәселесі, Өтеғұл шағынауданына қарасты Исатай көшесін жарықтандыру және басқа да мәселелер айтылды.
Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, жауапты мекемелерге мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі әр мәселенің орындалу мерзімін белгілеп, бірқатар мәселелерге түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...