ТҮЛКІБАС: МАШАТТЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮЛКІБАС: МАШАТТЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов дербес бөлім басшылары мен жауапты мамандар және Түлкібас аудандық мәлихатының төрағасы Хамит Байысбаевпен бірге Машат ауылдық округінде халыққа есеп беру жиынын өткізді.
Аталған басқосуда аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан көлемінде және Машат ауылдық округі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша халыққа есеп берді. Машат ауылдық округі жалпы бюджеті 11,5 млн теңгені құрап отыр. Жалпы қаражаттың 3,6 млн теңгесі елді-мекендерді жарықтандыруға жұмсалса, санитариясына 1,0 млн теңге, елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 2,4 млн теңге бюджет есебінен бөлініп, әкім аппаратын күтіп ұстау 4,5 млн теңге қаражат игерілді.
Сонымен қатар, аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға заң аясында толыққанды жауап беріп, ұсыныс-өтініштерін қанағаттандыру бойынша жауапты мамандар мен дербес бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бірінші кезекте атқарылу керек шараларды шұғыл шешу керектігін ескертті.
Машат ауылдық округі бойынша 2023 жылы атқарылатын жұмыстар:
Еңбекші ауылы, Анарбай көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізледі.
Жарықтандыру жұмыстары Қызылбастау ауылы, Қалдарбек көшесі және Еңбек ауылы бойынша Уалиханов көшелерінде жүргізіледі. Машат ауылы, Баймаханов көшесін жарықтандыруға қаржы қаралды.
Ал Машат және Мыңбай ауылын ауызсумен қамтамасыз ету құрылысына жобалық сметалық құжаттар және мемлекеттік сараптамасының қорытындысы күтілуде, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...