СОЗАҚ: ТАСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

СОЗАҚ: ТАСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Тасты ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда биылғы жылы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ауылдық округ тұрғындарымен алдыңғы өткізген есептік жиын барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, атқарылар жұмыстарды баяндады.
- Біз сіздермен нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргізу үшін тоқсан сайын кездесудеміз. Алдарыңызға келіп, кездесудегі мақсатымыз халықпен тығыз байланыста болып, өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған барлық ұсыныстарыңыз назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Өзім осы ауданның тумасы болғандықтан атқарылу керек мәселелер маған етене таныс. Биылғы жылы сұраныстарыңызға орай, мұнда 75 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүруде. Біз мұнымен шектеліп қоймаймыз. Келер жылға да нақты жоспарларымыз бар. Осылайша түйіткілді мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп, тиісті жұмыстарды атқарамыз,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жиында тұрғындар биылғы жылға бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдап, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Сала мамандарына көтерілген мәселелердің шешу жолын заң аясында қарастырып, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Аудан басшысының Тасты ауылдық округі тұрғындарымен өткізген есептік жиынына аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, бөлім және мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...