САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша арнайы қабылдады. Жеке қабылдауда алдын ала жазылған 27 тұрғынның мәселесі қаралды.
Алдымен аудан әкімі Арман Абдуллаев ерекше қажеттілігі бар азаматтарды 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған азаматтар шипажайға жолдама беру, инва таксидің жетіспеушілігі, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға кабинет беру мәселесі бойынша келгендерін баяндады.
Сонымен қатар, жеке қабылдауға келген тұрғындар жолға асфальт төсеу, жайылым жер, ағын су, жерді құжаттандыру, аяқ жол салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, тұрғын үй кезегі, коммуналдық арендалық тұрғын үйден пәтер беру және басқа да жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді.
Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...