САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, Береке елді мекенін таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар бүгінгі таңда ауыз су елді мекендегі өзекті мәселеге айналғанын айтып өтіп, табиғи газ бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсынып-пікірлерін жеткізді.
Ауыл тұрғындарын мұқият тыңдаған аудан әкімі Арман Абдуллаев алдағы аптада елді мекенді таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары басталатынын айтып, тұрақты түрде өз бақылауында ұстайтынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашық деп жариялап, депутаттарға табыс тіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы...

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артып, өңірлердегі...