САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ СӘЙКЕС АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІНЕ СӘЙКЕС АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде Тың елді мекенінің тұрғындары мектепке баратын жолға жарықтандыру бағаналары мен шамдарын қою бойынша өтініштері мен ұсыныстарын айтқан болатын.
Тұрғындар ұсынысына сәйкес, аудан әкімі Арман Абдуллаев ауылдық округ әкіміне көшені жарықтандыру мәселесін қолға алуды тапсырып, нақты мерзім белгілеген.
Бүгінде аудан әкімінің тапсырмасы орындалып, Тың елді мекеніндегі №46 Тоқтаров жалпы орта мектебіне баратын Бірлік көшесіне жарықтандыру бағаналары мен шамдарын қою жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатыр.
Аталған көшені жарықтандыру үшін 4 адам жұмысқа тартылып, 6 дана жарықшамдар қою жоспарлануда, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...