САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН БАРДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.
Алдымен Жылға ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, мәселелері мен ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан құрылыс алаңын қоршау және қазан шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмысының қарқынына куә болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмысты сапалы жүргізуді, тиісті бөлім басшысына құрылыс алаңындағы жұмыстар барысын бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға елді мекені көшелерін абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аталған елді мекенде көше жарықшамдарын, аяқ жол (брусчатка), және су астауларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...