САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің жеке қабылдау кестесіне сәйкес, аудан тұрғындарын қабылдады.
Ауылдық округтерінен келген азаматтар жерді заңдастыру, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, мектептің тозығы жетуіне байланысты қосымша ғимарат салу, санитарлық тазалықты сақтау, инфрақұрылым және коммуналдық жүйелермен қамтамасыз ету секілді талап-өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы аталған мәселелердің кезең-кезеңімен, заңға сәйкес шешімін табу үшін белгілі бір уақытты талап етілетінін, сонымен қатар қаржы көзін қарастырудың қажеттілігі болатынын түсіндірді.
Қабылдау барысында тұрғындардан тыңдалған ұсыныс-пікірлер бақылауға алынып, сала басшылары мен тиісті ауылдық округтерінің әкімдеріне зерделеуге, нақты жұмыстарды атқаруға тапсырылды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...