САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов ағымдағы жылға бекітілген кестеге сәйкес, Көлкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуін өткізді.
Мақсат - халықпен ашық байланыс орнату, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және заң аясында шешімін қарастыру.
Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов, қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев, халық қалаулылары, мекеме-ұйым және дербес бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Бірінші кезекте ауылдық округінің әкімі У.Юлдашев 2023 жылдың ІІ тоқсанында бақылауға алынған мәселелердің орындалу нәтижесін таныстырды.
Басқосуда талқылау өтіп, көлкенттіктер талап-өтініштерін жеткізді. Олардың ішінде Ханқорған ауылының жолын күрделі жөндеу, спорт және мәдениет ғимараттарын салу, электр жарығымен тұрақты қамту, ауыз су қысымын жоғарылату, елді мекендерді газдандыру, "Теспе" каналын бетондау, "Мырзасу" каналынан өтетін ағын судың тарифін төмендету, "Көлкент" көлінің аумағындағы жерлерді зерделеу, жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, қоғамдық тасымал қызметін ұйымдастыру және басқалары айтылды.
Аудан әкімі және сала басшылары аталған мәселелердің шешу жолдарын заң аясында түсіндіріп, бақылауына алынды.
Мұнан кейін, ауыл биі ақ бата-тілегін білдірді.
Кездесу аяқталған соң, осы мектептің ғимаратында аудан әкімі Арман Сәбитұлының жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға келген азаматтар тарапынан жерді заңдастыру, сапалы коммуналдық жүйелермен қамтамасыз ету, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, қайтарымсыз грант алу секілді қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын алды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...