ОТЫРАР: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ОТЫРАР: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Көксарай ауыл округінде қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға «Отырар аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәрсенбек Сартаев, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Есбол Қасымбеков, Көксарай ауыл округінің әкімі Әлімжан Қалмұратұлы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, тұрғындарға тұрғын үй, сәулет және қала құрылысы, жер, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер бойынша келген тұрғындарға консультациялық кеңестер берілді.
Қабылдауда тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашық деп жариялап, депутаттарға табыс тіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы...

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артып, өңірлердегі...