ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ 812 БЕЙНЕКАМЕРА АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ 812 БЕЙНЕКАМЕРА АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНУДА

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында Түркістан қаласында 812 бейнебақылау камерасы іске қосылған. Бақылау камералары «Жеңіс» саябағы, «Алтын орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базары бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясы аумағында орнатылған. Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаладағы қылмыстың алдын алу мақсатында орнатылған камералар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бейненің сақталу уақыты – 30 күн.
Бұдан бөлек, қаладағы қауіпсіздікті күшейту үшін 11 дана шұғыл жәрдем батырмасы орнатылған. Оқыс оқиғалар болған жағдайда батырмаларды басу арқылы Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің «Жедел басқару орталығының» қызметкерімен тікелей байланысып, көмекке жүгінуге болады. Мұндай батырмалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы, «Гүлдер», «Жібек жолы», «Жеңіс» саябақтарында және кіші арбат пен «Керуен сарай» кешенінде іске қосылған.
Айта кетейік, жыл басынан бері «SOS» шұғыл жәрдем батырмасы арқылы 5458 рет кіріс, 7103 рет шығыс қоңыраулары түскен. Қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...