ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Түркістан облыстық «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға 10-нан астам алдын ала жазылып, мәселелерін айтты. Созақ, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Сауран аудандары, Арыс және Түркістан қаласының тұрғындары талап-тілектерін жеткізді. Облыс әкімінің орынбасарымен кездесуге Қарағанды облысынан арнайы келген.
Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі жер саласы, су шаруашылығы мен жұмыспен қамту бағытына қатысты болды. Өтініштерді қабылдау барысында зерделеуге жауапты облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ тиісті мекеме өкілдері шақырылды.
Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Ермек Кенжеханұлы талап-тілектердің оң шешілуіне ықпал ететінін айтты. Хаттама түзіліп, Заңға сәйкес қаралатынын және өтініш иелеріне жауап жолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...